KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 2 м/с, З
447.25 485.18 4.96

Полицейлер самбодан үздіктерді анықтады

10.03.2014, 18:00 114



Өскемендегі «Динамо» спорт кешенінде Шығыс Қазақстан облыс полицейлері арасында самбодан ашық біріншілік болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Дәстүрлі жарысқа биыл ішкі істер департаменті мен басқармаларының атынан 163 балуан қатысып, сегіз салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Жарысқа дзюдо мен самбодан еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Б.Дуанов бастаған қазылар алқасы төрелік етті.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынға облыстық ІІД-нің командасы ие болды. Екінші және үшінші орындарға сәйкесінше Өскемен қаласы мен Тарбағатай ауданының полицейлері табан тіреді.

Біріншілік жүлдегерлері алдағы сәуір айында Қарағанды қаласында өтетін ел біріншілігіне қатыспақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив