Зейнетақы қорындағы ақша бизнесті қаржыландыруға жұмсала ма?
Фото: finrussia.ru
Ұлттық банктің мәліметінше, банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасын пайдалана отырып, үшінші тоқсанда банк облигацияларын сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Банктер алған қаражатты бизнесті қаржыландыруға жұмсауы тиіс.
Оның айтуынша, қазір банктердің міндеттемелері негізінен депозиттерден тұрады, оларды «ұзақ мерзімді» ресурстар деп санауға болмайды, өйткені оларды оңай алуға болады. Осыған байланысты банктерге ұзақ мерзімді несиелерді құрылымдау қиынға соғады.
Оның айтуынша, банктер өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салалардағы жобаларды қаржыландырады. Жалпы инвестиция көлемі 500 млрд. теңгеге дейін жетеді.