KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Бас жүлде астаналық балуанның қанжығасында кетті

14.04.2013, 18:00 121


Аягөзде Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Әнуарбек Сұлтановтың жүлдесі үшін ұйымдастырылатын дәстүрлі жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Төрт күнге созылған бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 418 балуан 12 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша алғашқы үштікті Астана қаласы мен Ақмола және Алматы облыстарының балуандары құрады. Ал қалалар арасында Аягөз балуандары үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Семейлік М.Мәлтекбаев, степногорлық А.Тынысбек, аягөздік М.Қатабаев мамандардың жоғары бағасына ие болса, астаналық И.Мамедов топ жарып, бас жүлдені қанжығаға байлады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив