KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
440.92 475.36 4.82

Жас дзюдошылар Ұлан ауданында жиналды

27.03.2018, 07:58 210

 


 


Қасым Қайсенов кентінде дзюдодан 2006-2009 жылдары туған жасөспірімдер мен 2003-2004 жылғы қыздар арасында Ұлан ауданының 90 жылдық және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойларына, сондай-ақ Қожахмет Серікбаев пен Дариға Тұрысбекованы еске алуға арналған облыстық турнир өтті.


Жарысқа Өскемен, Семей, Риддер, Шемонайха қалаларынан және Бородулиха, Глубокое, Ұлан мен Үржар аудандарын 200-ге жуық спортшы қатысты. Жарыстың ашылу салтанатына Ұлан ауданының басшылығы мен самбо және дзюдодан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытбек Дуанов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.


Қатысушылар бірқатар салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған дзюдошыларға құрмет грамоталары, медальдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.


[su_slider source="media: 26793,26789,26791,26790"]


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив