KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 4 м/с, СБ
519.28 540.05 5.31

ШҚО қан орталығында ерекше акция өтті

31.05.2024, 14:35 140 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да 1 маусым - Халықаралық балалар күніне орай қан тапсыру акциясы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тамылжыған жаздың алғашқы күні елімізде Балаларды қорғау күні атап өтіледі. Мереке адамдар назарын балаларға қатысты мәселелерге аударады.

Осы орайда, қан ауруларына, онкологиялық ауруларға шалдыққан бүлдіршіндер үшін ерекше акция ұйымдастырылған.

Бүгін облыстық қан орталығына таңертеңнен бастап келушілердің қарасы қалың. Тіпті азаматтар бұл күні ерекше белсенділік танытуда. 

-        Таңертеңнен бері  35 адам 15 литр қан тапсырды. Донор болған жан бір адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Сондай-ақ мұндай шаралар адамдар арасындағы мейірімділікті арттырады. Донорларға зор алғысымызды білдіреміз, - дейді мамандар.

Айта кету керек, қан орталығында жыл бойы мерекелерге орайластырылған түрлі тақырыптық акциялар өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу