Өлкетану музейінде қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Музейге келген қонақтар зұлмат заманның көрінісін бейнелейтін көрмені және Алаш арыстарына туралы деректі фильмді көрді.
Іс-шараға қатысқан Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің оқушылары мен ұстаздары музей экспозициясымен және өлке тарихының өткенінен сыр шертетін «Тағдырды байланыстырған тәлкек» атты көрмемен танысып, ашаршылық туралы құнды мағлұмат алды.
Осылай оқушылар мен ұстаздар өткен тарих өрнегінен ой түйіп, елдік мүдде жолында мерт болған ақтаңгерлердің рухына тағзым жасады.