KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Жерге себілетін тұқым қоры толық қамтылды

9.03.2014, 18:00 176



ШҚО Қатонқарағай ауданында көктемгі егістікке дайындық қызу жүріп жатыр. Жерге себілетін тұқым қоры жеткілікті, қазіргі күні олардың сапасы тексерілуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ресми дерекке сенсек, тексерілген 3936 тонна егілетін дәнді дақылдың 60 пайыз үлесі бірінші және екінші сұрыпты құрайды. Сол секілді күнбағыс пен жүгерінің, біржылдық және көпжылдық шөптердің дәндері де тексеруден өткізілген.

Кейінгі кезде көпшілік шаруалар тұқымды жаңартуға ден қойған. Биыл диқандар әрқайсысы 50 тоннадан «Омбы-18» бен «Алтай-325», 45 тонна «Омбы-87» элиталы дәнді дақыл тұқымдарын сатып алған.

Аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі мамандарының айтуынша, бұл алдағы екі-үш жылда Катонқарағай өңірінің егіс алқаптарын жоғары сапалы әрі өнімділігі мол сұрыптармен толық қамтуға мүмкіндік бермек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив