KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

«Болашақ» бағдарламасының мәні түсіндірілді

6.03.2014, 18:00 140



Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды дайындау мен қабылдауды түсіндіру науқанын жүргізу мақсатында Семейде брифинг өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдікте өткен кездесуге мемлекеттік қызметкерлер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының қызметкерлері қатысты. Халықаралық бағдарламалар орталығының вице-президенті Айгүл Надирова брифинг қатысушыларын «Болашақ» бағдарламасындағы рәсімдері, 2014 жылы конкурс өткізу шарттары мен «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша шаралар жөнінде ақпараттандырды. Брифинг барысында қатысушылардың барлық сұрақтарына тиісінше жауап берілді.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив