KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
443.16 480.39 4.94

Меморандум талаптарын орындамаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылады

16.02.2014, 18:00 154



Кеше ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев Өскемен қаласындағы «Фреш-маркет», «Метро», «Весна» сауда орталықтарын жоспардан тыс аралап шықты. Мақсат – халыққа аса қажетті азық-түлік түрлерінің бағаларын бағамдау, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы сауда орталықтарындағы баға тұрақтылығына қанағаттанбады. Себебі, бұл сауда орындарында екі түрлі баға қалыптасқан. Яғни, арнайы тексеру тобы келгенде бір бағаны қойса, артынша халыққа өзге бағамен саудалайтыны белгілі болды. Осындай баға ауытқуына анық көзі жеткен облыс Әкімі «Фреш-маркет», «Метро», «Весна» сауда орындарының басшылығына қатаң ескерту жасады.

Сонымен қатар, сауда орындарында азық-түлік бағасының шарықтамауы үшін сатушыларға 20 пайыздық жеңілдіктер жасалмаған екен. Негізінде, Өскемендегі ірі сауда орындарында бағаны тұрақтандыру үшін сауда нүктелерінің жалға беру құнын 20 пайызға төмендету туралы Өскемен қаласы әкімімен меморандумдарға қол қойылған болатын. Ал Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Сапарбаев меморандум талаптарын орындамаған, азық-түлік бағасының шарықтауына жол берген кәсіпкерлерге қатаң шара қолданылып, жауапкершілікке тартылатынын қадап айтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив