KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Әлемнің үздік оқушысы Семейде оқиды

23.01.2014, 18:00 126



Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Айнұр Мәшпиева әлемнің 175 елінен мыңнан астам жоғары сынып оқушысы қатысқан SAT халықаралық тестілеуінде үздік шығып, арнайы сертификатқа ие болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Айта кетейік, білім сынағы бастан-аяқ ағылшын тілінде өтті. Осы бәсекеде Айнұр тиісті елу сұраққа жүз пайыз дұрыс жауап беріп, ең жоғары 800 балл жинады. Соның арқасында ол әлемде ең мықты саналған Гарвард, Оксфорд, Кембридж секілді іргелі оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алды. Алайда, білімді қыз өзінің болашақ өмірін Астанадағы Назарбаев университетімен байланыстыруда.

– Назарбаев университетіне түсу үшін алты жүзден астам балл жинау керек. Ал менің көрсеткішім – 800 балл. Енді мен бұл емтиханды қайтадан тапсырмаймын, басқа емтихандарға назар аударамын. Бұл сынақ арқылы мен білімім қандай деңгейде екенін анықтадым, – дейді жас дарын.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив