KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Үш тілді жетік меңгерген оқушы қыз

27.02.2018, 08:43 97

9 «В» сынып оқушысы  Алтынай Бақбаева Назарбаев зияткерлік мектебіндегі тоғызыншы  сынып оқушылары арасында үш тілді ең жетік меңгерген оқушы ретінде танылды. Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған «Полиглот» турнирінде Алтынай тапсырмаларға  ең көп дұрыс жауап берген қатысушы болды.


Турнирде жеті тоғызыншы сыныптың балалары білімдерін сынап көрді. Бес команда кездейсоқ таңдаудың нәтижесінде құрылғандықтан, команда мүшелері әр сыныптан болып шықты.


Тіл саласының мамандары фразеологиялық сөздер, эрудицияны анықтайтын сұрақтар мен ғылым мен мәдениетке қатысты тапсырмалар құрастырды. Қатысушылар оларды «Тауып көр», «Красноречие», «know-it-all», «Эстет», «Зияткер» тапқырыптары бойынша және баллдардың санына қарай таңдады. Экранда шыққан сұрақтың шешімін табуға екі минут уақыт берілді. Егер бірінші команда жауап бере алмай қалса, дұрыс жауап берген командалар олардың баллын алып отырды. Тапсырмаға жауаптарды  оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде беруге тиіс еді.  Тамаша сөздік қоры мен мақал-мәтелдерді, картиналар мен музыкалық шығармаларды білудің нәтижесінде қатысушылар турнирде көп қиналған жоқ.


Сайыстың қорытындысы бойынша үздік шыққан командалар грамотолармен марапатталды. Қазылар алқасының ұйғаруымен, «Зеленый хорошист» командасы 1 орынды жеңіп алды. II орынды «ABC» командасы иеленсе, "Абай" командасы жүлдеді  III орынға табан тіреді. Ал үздік оқушы ретінде  9 «В» сынып оқушысы  Алтынай Бақбаеваны айтуға болады. Ол ең көп балл жинады және барлық сауалдарға үш тілде жауап берді, - дейді мектептің баспасөз хатшысы Роза Құмарғажина.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив