KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейлік қос оқушы әлемнің үздік математиктері атанды

20.01.2014, 18:00 207



Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары әлем бойынша өткен SAT тестілеуіне қатысып, үздік жасөспірім математиктер атанды.

Бұл тестілеу жаһанның 175 мемлекетінің 1000-нан аса жоғары сынып оқушылары арасында өткен-ді. Оған зияткерлік мектебінен 7 оқушы қатысыпты. Араларынан Айнұр Мәшпиеваның бағы жанды. Ол қойылған 50 сұраққа 100 пайыз дұрыс жауап беріп, максималды 800 балл жинады. Оның құрбысы Ақгүл Кенжешева 710 балл алды. Бұл да жоғары көрсеткіш. Себебі, барлық қатысушылардың тек 10 пайызы ғана үздіктер қатарына ілінген.

Ағылшын тілінде өткен тестілеуге қос оқушыны математика пәнінің мұғалімі Майкл Малучи дайындапты.

- Тест сұрақтары АҚШ-тан хат арқылы келеді. Емтихан күні ғана ашамыз. Яғни, тестілеу әлемнің 175 елінде бір күн, бір сағатта өткізіледі, – дейді Айнұр мен Ақгүлдің бапкері.

Бұл жеңіс әсіресе Айнұр үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Ол енді әлемнің таңдаулы оқу орындары грантының иегері. Таңдауы бойынша Гарвард, Оксфорд пен Кембриджде білім ала алады. Бұл жайындағы сұрағымызға Айнұр:

- Болашақта инженерлік сала бойынша білім алғым келеді. Себебі, бүгінде елімізде инженерлік сала мамандарына сұраныс жоғары. Ал әзірге таңдаған оқу орыным – Астанадағы Назарбаев университеті. Бұл білім ордасы да әлем бойынша алдыңғы қатарда. Өз елімде білім алып, Отанымның дамуына үлес қоссам деймін, – дейді.

Ақгүл де осы университет студенті атануды көздеп отыр. Себебі, «шетелдік үздік оқу орындарының айтулы профессорлары осында білім береді. Әрі халықаралық стандартқа сай, сапалы білім алуға толық мүмкіндік бар» деген пікірде.

Айта кетелік, өткен жылы Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде халықаралық SAT тестілеу орталығы ашылған-ды. Бұған дейін мұндай орталық тек Астана мен Алматы қалаларында ғана болған. Енді Павлодар, Өскемен мен аудандардан келетін оқушылар алысқа ат сабылтпай Семейде тапсыра алады. Бұл жолғы шара алғаш рет өткізілді.

Ал қай салада болмасын шетелде жұмыс істегісі келетіндер SAT емтиханын тапсыруы міндетті. Себебі, Еуропа елдерінде жұмысқа қабылдану үшін халықаралық тестілеудің осы түрінен өту және алған баллдың жоғарылығы талап етіледі.

Қуаныш Шәкенұлы
Мәлімет көзі: Munara.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив