KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Шығыс Қазақстанда ресей рубліне деген сұраныс басым

23.01.2014, 18:00 216



Желтоқсан айында еліміздегі ақша айырбастау пункттері 23,9 миллиард теңгеге ресей рублін сатыпты. Қараша айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11 пайызға кеміген, деп хабарлайды Ranking.kz.

Еліміздегі ірі мегаполистерді есепке алмағанда, ШҚО, Қостанай, Қарағанды облыстарында рубльге деген сұраныс басым. Бұл аймақтарға рубль сатылымының республика бойынша жалпы көлемінің 29 пайызы келеді. Алматы және Астана қалаларына 30 пайыз. Пайыздық көрсеткіштің ең төменгі бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында.

Оңтүстік өңірлердің ақша айырбастау пункттеріне рубль сатылымы бойынша республикалық жалпы көлемінің 5 пайызы ғана тиесілі.

Ұлан Ақтайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив