KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 4 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Азия ойындарының чемпионы Мария Федоренко дүниеге балпанақтай үш ұл әкелді

23.01.2014, 18:00 110



Шығыс Қазақстанның тумасы, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, халықаралық кластың спорт шебері Мария Федоренко дүниеге балпанақтай үш ұл әкелді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Хоккейші мен оның зайыбы балаларына Архип, Прохор және Егор есімдерін берді.

Жас ана міндетті түрде спортқа қайта оралатынын айтады.

Хоккейші Мария Федоренко «Б» тобында әлем чемпионы, 2005-2006 жылдары Еуролигада екінші орынды иеленсе, 2006 жылы Азия лигасында маусымның ең үздік қорғаушысы болып табылды.

Мария Михайловна бапкер ретінде де үлкен жетістіктерге жеткен. Оның тәрбиеленушілері 2009 жылы Қытайда өткен Азия ойындарының алтын медаль иегерлері. Осы жылы ҚР II Қысқы спартакиадасында күміс медальді оллжалады. Қазіргі уақытта оның алты шәкірті ҚР құрамасына енген. Мария Федоренконың өзі болса 2000 жылдан бері республика құрамасының мүшесі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив