KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өз ұлының өлеңін оқыған ана байқау жеңімпазы атанды

15.01.2014, 18:00 113



Зайсан қаласының тұрғыны Бақытжан Құсайынова «Қазақстан» ұлтты телеарнасының таңғы бағдарламалар шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған «Парасатқа құштарлық» атты байқауға қатысып, бірінші орын алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Халықты кітап оқуға тарту мақсатында қазақ әдебиетінің жауһар дүниелерін бойына сіңіріп, поэзия мен проза әлеміне терең бойлай білген оқырмандарды анықтаған шарада үміткер көрнекті ақындардың өлеңін жатқа оқуы тиіс болған. Алайда Бақытжан Құсайынова байқауда өз баласы Аян Өрібаевтың «Әдемі» атты өлеңін жатқа оқыды. Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан жүдеген үміткердің арасында жерлесіміздің үздік шығуына әдебиетке деген сүйіспеншілігі де септігін тигізді.

«Осындай байқаудың басталғанын ести сала Астанаға жол тарттым. Әуелі оқитын шығарма танымал ақынның туындысы болу керек деген шарт қойды. Алайда мен өз ұлымның өлеңін оқығанда жобаны ұйымдастырушылар жоғары бағалап, жүлдемді ұсынды» дейді ақынның анасы.

Есімжан Нақтыбай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив