KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Ауылда ашылған амбулаторияда 14 дәрігер қызмет етеді

15.01.2014, 18:00 189



ШҚО Үржар ауданы Бестерек ауылында жаңа отбасылық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Нысанның құрылысы 2013 жылы мамыр айында басталып, қараша айында аяқталған. Жұмсалған қаражат көлемі 142,7 млн теңге.

Халқы жыл санап өсіп келе жатқан ауданның Бестерек ауылдық округінде 2 мың 924 тұрғын бар. Олар бұл күнге дейін аудан орталығына барып ем қабылдайтын. Енді ауылдық округ жұртшылығы орталық емханаға қаралатын болды. Бұл әсіресе Қазымбет, Ер Қабанбай ауылы тұрғындары үшін тиімді.

Нысанның ашылуы аудандық денсаулық сақтау саласына оң ықпалын тигізіп қана қойған жоқ. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Ауыл жастарының білім алып, туған жеріне оралуына да жол ашты.

Толық жарақталған 17 ем-шара кабинетінде 14 дәрігер қызмет көрсетеді. Олардың 1-еуі жалпы практика дәрігері, 7 медбике, 6 орташа медициналық қызметші. Айта кету керек, аталмыш медициналық мекеменің дәрігері Сергиенко Марина Николаевна Семейдегі медициналық академияда білім алған. Мемлекеттік «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында кәсіби жолын ауылдан бастау үшін жолдамамен осында келген екен.

Мәлімет көзі: ШҚО ақпарат орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив