KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Алдағы уақытта кейбір пәндер ағылшынша оқытыла бастауы мүмкін

13.01.2014, 18:00 187



Шығыс Қазақстан облыс мектептерінде кейбір пәндер біртіндеп ағылшын тілінде оқытыла бастайды болашақта. Бұл бастама елімізде үш тұғырлы тілді дамыту бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты қолға алынбақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Айта кетейік, қазір ағылшынша тереңдетіп оқыту өңірдегі 32 білім ошағында, оның ішінде тоғыз ауылдық мектепте жолға қойылған. Есесіне, аталған пән Зырян, Катонқарағай, Ұлан және Шемонайха аудандарының шағын комплектілі 18 мектебінде оқытылмайды.

Осы кемшіліктердің орнын толтыру және мемлекеттік бағдарламаны орындау мақсатында білім беру мекемелерінде ағылшын тіліне жете мән берілуде. Айталық, өткен жылдан бастап мектептерде бірінші сыныптан бастап оқушыларға әйгілі Шекспирдің тілінде сөйлеуді үйретуге көштік.

Сол секілді Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде 2012 жылдан көптілді мамандар даярлау қанатқақты жобасы жүзеге асып келеді.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив