KZ
Өскемен
+14°
небольшой дождь жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Серік Сәпиев аудандарды аралап, ағылшын тілінен сабақ береді

21.09.2018, 08:06 256

Елімізде "English for Jastar" атты жаңа жоба шықты. Қараша айына дейін Олимпиада чемпионы, Парламент мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев бастаған 28 тіл жанашыры мен 140-тан астам тіл маманы ауылды жерлердегі оқушыларға ағылшынша үйретеді.


Оқу ерікті түрде жүргізіледі. Негізнен 9-11 сынып оқуышылары қамтылмақ.


Ұйымдастырушылар «жоба екі айдай сынамалы түрде жүргізіледі. Барлық облыс пен ауданға барады мамандар. Басты мақсат – ағылшын тілін оқып жатқан жастардың білімін одан әрмен арттыру», дейді.


«Болашақ» Ассоцияциясының атқарушы директоры Лаура Демесінованың сөзінше, ағылшынша үйрету үшін алдағы уақытта шет елден мамандар келуі мүмкін.


– Шет елдік маманның әрбірімен видеобайланысқа шықтық. Олардың құжаттарын, оқушылармен жұмыс тәжірибесін анықтап қарадық. Айта кетейік, бұл жоба оқушының сабағына кедергі болмайды. Сабақтан тыс уақытта жүргізіледі, – дейді Л.Демесінова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив