KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 3 м/с, З
443.72 482.28 4.9

Неміс этномәдени бірлестігі Рождество мерекесін атап өтті Зырянда

29.12.2013, 18:00 183


Зырян ауданында Рождество мерекесі атап өтілді. Бұл күні неміс этномәдени бірлестігінің Достық үйінің кең залы тақырыпқа сай түрлі суреттермен, плакаттармен безендіріліп, шырақтар жағылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мереке жүргізушілері неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі В.Ивлева мен Е.Кузнецова аталмыш мейрамның шығу тарихы туралы әңгімелеп берді.

Фольклор жастар ансамблінің мүшелері неміс тілінде өлеңдер оқып, қонақтармен рождестволық әндер орындап, би биледі. Кеш қонағы болған «Сириус» би ансамблі мен оның жетекшісі А.Красиков рождестволық сыйлық ретінде лирикалық вальстер билеп, көпшілікті желпінтті.

Шара соңына қарай қонақтардың барлығы рождестволық тәтті тағамдар жайылған ақ дастарханнан дәм татты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив