KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Зырянда неміс этномәдени бірлестігі католиктік пасха мерекесін атап өтті (+сурет)

1.04.2013, 18:00 244


Зырян ауданында неміс этномәдени бірлестігі католиктік пасха мерекесін өткізді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кешке жиналғандарды Достық үйінің директоры Г.М. Дедова мерекемен құттықтап, католиктік пасханы мерекелеу әр елде кездескенімен, бірақ әр елде осы нұрлы мерекені байытатын өздерінің ерекше салт-дәстүрлері бар екенін айтып өтті. «Қай дәстүр болса да, Пасха мерекесінің маңызы барлық жерде бірдей – ол жарық, махаббат, үміт және жаңарту әкеледі» деді Г.Дедова жиналғандарға.

«Квелли» неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі В.Ивлева мен неміс тілінің мұғалімі Е.Кузнецова осы мейрамның тарихын айтып, оны тойлау салтымен таныстырды.
Зырянда неміс этномәдени бірлестігі католиктік пасха мерекесін атап өтті (+сурет)
Шаралар өткен «Горняк» мәдени үйінің залы мерекеге сәйкес безендірілді – боялған жұмыртқалармен сәндердірілген пасха ағаштары қойылды. Ал мерекелік дастарханда пасханың рәміздеріне жататын боялған жұмыртқалар, пасхалық қоян және тәтті тағамдар мен кәрзеңкелер болды.

Католиктерде пасхалық от маңызды болып саналады. Сол себепті балауыз шамдар жағылды, өйткені барлық жамандық пасхалық оттын жалынымен кетеді, болашақта қуаныш, бақыт, келісім әкелетініне сенеді.

Мереке барысында әртүрлі ойындар , пасхалық жұмыртқалар іздеу сайысы өткізілді, Бірлестік мүшелері туған тілдерінде әндер айтып, өлеңдер оқыды. Фольклорлық би тобы қонақтармен қол ұстасып , неміс халық билерін орындады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив