Катонқарағай ауданының оқушылары арзан ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл мақсатқа балалардың мектеп жылыжайларында өздері өсірген көкөністер пайдаланылуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Аудан мектептерінде бүгінгі таңда 13 жылыжай бар. Ағымдағы жылы 164 07 гектар жерге көкөністер отырғызылған болатын. Оқушылар осы алқаптан 74700 келі картоп, 14390 келі сәбіз және 17090 келі қызылша мен 21740 келі орамжапырақ жинап алды. Бір ғана Новохайрузовка мектебінің жылыжайында жас бағбандар 120 келі қияр, 155 қызанақ және 300 келі орамжапырақ өсірген. Өз қолдарымен баптап-күтілген өнімдер мектеп асханаларына жіберіледі. Сол себепті соңғы кезде азық-түлік өнімдерінің қымбаттағанына қарамастан, Катонқарағайдағы мектеп асханаларындағы ыстық тамақтың бағасы қолжетімді болып отыр.
13 жылыжайдың біреуі Өрел мектептерінде мектеп қазандығы арқылы жылытылса, ал Ақсу мен Новохайрузовка орта мектебінде пешпен жылытылады. Қалған мектептерде целлофанмен қапталған.
Наурыз айынан бастап барлық білім ошақтарында гүлдердің көшеттерін себу жұмыстары жүргізілді. Жылыжайы жоқ білім ордаларында гүлдердің тұқымдары арнайы жәшіктерге себілді.
Қазіргі уақытта Ақсу орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары көкөністерді отырғызып, грунтты әзірлеп қойды.
Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz