KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

2018 жылдан бастап елімізде электронды денсаулық паспорты енгізіледі

11.05.2017, 18:00 233



Бұл туралы Үкімет үйінде Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асырудың 2017 жылдың 4 айындағы аралық қорытындылары туралы баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігі электронды денсаулық паспортын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде, ол тұрғылықты және емделу орнына тәуелсіз кез келген жерден қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, денсаулық туралы маңызды мәліметтердің барлығын өмір бойы сақтауға мүмкіндік береді .

«2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы аумағында электронды денсаулық паспортын кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған. Қазіргі уақытта Астана қаласының № 9 қалалық емханасы базасында тәжірибелік дәрігерлермен бірге электронды денсаулық паспортын пайдалану бойынша пилот жүргізілуде», – деді министр.

Ведомство басшысы журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында барлық қағаз мәселелері 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылатынын мәлімдеді.

Елжан Біртанов бүгінде орта есеппен алғанда Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ұйымдарының 38%-ында жергілікті медициналық ақпараттық жүйелер енгізілгенін айтып өтті.


primeminister.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив