KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Үржарлық оқушы Испанияда өткен «Интеллектуалды марафон» олимпиадасынан жүлдемен оралды

8.12.2013, 18:00 154


Испанияда өткен 22-ші халықаралық «Интеллектуалды марафон» олимпиадасынан жүлдемен оралған үржарлық Жанерке Күншаева 9-сыныпта оқиды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО Үржар ауданындағы Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасында білім алатын Жанерке олимпиадаға физика және математика пәндері бойынша қатысқан болатын.

– Бұл өте күрделі сайыс болды. Дегенмен, мұғалімдерімнің берген білімі мен жерлестерімнің артқан сенімі мені ерекше жігерлендіріп, жүлделі 3-орынның биігінен көріне білдім, – дейд алғыр оқушы.

Озат оқуымен, ерекше талабымен танылып жүрген балауса қыздың ендігі арманы – өзі таңдаған жоғары оқу орнында оқып, математика мен физика саласының білгірі болу.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив