KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, В
444.14 477.05 4.85

ТЖ министрлігі Серебрянкадағы зауытқа мемлекеттік тапсырыс беруге дайын

6.12.2013, 18:00 140


Серебрянка қаласындағы органикалық емес бұйымдар зауытына ТЖ министрлігі тарапынан мемлекеттік тапсырыс түсуі мүмкін. Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко зауыт толық жұмыс істеген жағдайда өнім бағасының 70 пайызын алдын ала төлеп, тіпті үш жыл бұрын тапсырыс беруге мүмкіндіктері бар екендігін айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz. тілшісі.

Шығыс Қазақстанға іссапармен келген министр жыл соңына дейін облысқа тікұшақ берілетінін жеткізді. Қазіргі күні Төтенше жағдайлар министрлігі 10 тікұшақпен жабдықталып жатыр, жыл соңында тағы да төрт тікұшақпен қамтылмақ екен. Соның біреуі Шығыстың үлесіне тимек. Сонымен қатар министрлікте жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қабылданып отырған арнайы бағдарламаға сай облыста салынып жатқан жол бойындағы медициналық құтқару пункттерінің шетелдік озық технологиялық құралдармен қамтылатынын тілге тиек етті.

ТЖ министрлігі Серебрянкадағы зауытқа мемлекеттік тапсырыс беруге дайын ТЖ министрлігі Серебрянкадағы зауытқа мемлекеттік тапсырыс беруге дайын

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкомен бірге аймақтағы азаматтық қорғаныс құрылымдары мен апаттық-құтқару қызметтерінің, жол мекемелерінің техникалық күштерінің дайынды-ғымен танысып, аудандар мен қалалардың қысқы жағдайға, су тасқынының алдын алуға дайындығы жөнінде бейнережимдегі селекторлық кеңес өткізді.

Кеңеске сенатор Сергей Плотников, басқармалар мен бірқатар кәсіпорын басшылары қатысты.

Жанаргүл Мұқатайқызы
Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив