KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 6 м/с, З
441.8 480.02 4.88

Қарғын судың қаупін сейілткендерге құрмет көрсетілді

7.04.2013, 18:00 139


Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың бұйрығымен 20-наурыздан бастап Шығыстағы төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектесіп, енді өз облыстарына қайтуға бет алған төтенше жағдайлар мамандарын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қабылдап, жемісті жұмыстары үшін облыс басшылығының атынан алғыс білдірді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

"Сіздер болған аудандардың басшылары сіздер жайында тек жағымды пікір білдірді. Осының барлығы да еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысы ойдағыдай жүріп жатқандығын, ондағы мамандардың Отанына жаны ашитын, халқына қалтқысыз жұмыс істейтін жандар екендігін көрсетіп берді. Сол үшін сіздерге облыс басшылығының атынан үлкен ризашылығымды білдіремін. Еліміз үшін еңбек ете беріңіздер, жолдарыңыз болсын " деді облыс
әкімі.
Қарғын судың қаупін сейілткендерге құрмет көрсетілді
Мұнан соң облыс басшысы Бердібек Сапарбаев бірқатар сала мамандарына Алғыс хат пен естелік сыйлықтар тапсырды.

Дәурен Аллабергенұлы
Суретті түсірген С.Суров

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив