KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі аясында 11 балабақша ШҚО-да салынады

18.11.2013, 18:00 140


Өскемен қаласында 6 және Семей қаласында 5 жаңа балабақша бой көтермек. Бұл жобалар мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің нәтижесінде жүзеге асады.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Сәуле Ұлақованың айтуына қарағанда, мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі орталығы қазіргі таңда 9 концессиялық жобалардың жүзеге асуын қолға алды.

– Балабақшалар кешенінің құрылысына қатысты жобалар Астана қаласына сараптамаға жіберілді. Жалпы министрлікте құжаттар рәсімдеуден ұзақ уақытта өтеді. Әр жоба салалық, экономикалық сараптамадан кем дегенде үш рет өтеді, - деді өз сөзінде С.Ұлақова.

Бұған қоса, денсаулық сақтау саласындағы жобалар да бар. Өскемен қаласындағы 300 орынға шақталған көпсалалы аурухананың құрылысы және Семейдегі 200 орынға шақталған балалар ауруханасының жобалары да Астана қаласына мамлекеттік сараптамаға жіберілді. Әзірге анықталған кемшіліктерді жою шаралары қолға алынды.

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі орталығының басшысы Әлия Масағанованың айтуына сүйенсек, қазіргі таңда барлық жобалар инвесторлардың қолдауын тапты. Сонымен қатар, орталық «Даму» қорымен, екінші дәрежелі банктермен тығыз байланыс орнатты.

Шығыс өңірінде әлуметтік жобаларды жүзеге асырып қана қоймай, инвесторларды қызықтыратындай өзге де жобаларды қарастыру қажет екендігін атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

– Ақтау мен Атырау қалаларында аэропорт құрылысына қатысты тиімді жобалар бар. Бізге де осы сынды бағдарламаларды қарастыру қажет. Семей қаласында көлік-логистикалық кешеннің барын ескерсек, осындай жобалар біз үшін де, инвесторлар үшін де тиімді, -деді әкім.

Бердібек Машбекұлы Зырян-Майқапшағай темір жол торабының құрылысына қатысты құжаттардың Астана қаласына сараптамаға жіберілгенін, алайда сол күйі хабарсыз кеткенін қатты сынға алды. Қытай мен Ресейдің шекарааралық аудандарынан өтетін пойыздың соңғы аялдамасын тиянақтау үшін осы елдердің мамандарымен кездесу қажеттігіне тоқталды әкім өз сөзінде.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив