KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Семейлік студенттер тиімді әрі дұрыс тамақтануды үйренді

12.11.2013, 18:00 198


Семейдегі мемлекеттік медициналық университет пен қалалық ішкі саясат бөлімінің жастар орталығы бірлесе отырып, «Саламатты жас Қазақстан» әлеуметтік жобасын бастады. Осы жоба негізінде шаһардағы Қызмет көрсету колледжінің студенттеріне «Тиімді әрі дұрыс тамақтану және психологиялық, педагогикалық, медициналық-әлеуметтік, заңгерлік көмек көрсету» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жобаның басты мақсаты - тиімді әрі дұрыс тамақтанудың принциптеріне үйрету арқылы жастардың физикалық және ойлау қабілетін нығайту болып табылады.

Жастар орталығы директорының міндетін атқарушы Қайсар Еркінбаевтың айтуынша, орталықтың негізгі бағыттарының бірі – жастардың азаматтық бастамаларын қолдай отырып, рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және дене қуаты әлеуетін, қазақстандық отансүйгіштікті дамыту. Осы мақсатқа жету үшін студенттерге психологиялық, педагогикалық, медициналық-әлеуметтік, заңгерлік көмек көрсету жүзеге асырылып келеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив