KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
478.96 533.03 5.22

Кәмелетке толмағандар қылмысы азайып келеді

7.11.2013, 18:00 212


Зырян қаласында «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың және балалардың бақылаусыз қалуының алдын алу бойынша жұмыс тиімділігін арттыру» атты облыстық семинар өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы мен Зырян аудандық білім бөлімі бірлесіп өткізген шарада аталған ауданның осы бағыттағы жұмыс тәжірибесі көрсетілді. Шараға әдіскерлер, Зырян, Ұлан, Глубокое және Катонқарағай аудандары мен Риддер қаласындағы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер қатысып, еріктілердің «тәуекел» тобына жататын балалармен жұмыс істеу әдісімен танысу арқылы қиындыққа тап болған балалардың жағдайларын жақсарту бойынша бес секцияда жұмыс істеді.

Негізінен, Зырян ауданында кәмелетке толмағандар тарапынан орын алатын қылмыстар біршама азайғандығы байқалады. Ол аудан көлемінде құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы табысты жүзеге асырылып жатқанының бір дәлелі болса керек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив