Аягөз қаласында анасы такси жүргізушісімен есеп айырысып жатқанда қараусыз қалған 4 жастағы бүлдіршін басқа көліктің астына түсіп қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының ақпаратына сілтеме жасап.
Бақытсыз оқиға таңертеңгі сағат 8 шамасында тіркелген. Үлкендердің қарауынсыз қалған қыз бала Көшкімбаев көшесіне жүгіріп шыға келген. Сол кезде бөбекті ВАЗ-21213 көлігі қағып кетеді. Ал анасы бұл уақытта осы жерге жеткен ткасидің ақшасын төлеп жатыпты. Бүлдіршін жарақаттанған.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz