KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
489.36 533.45 4.99

Балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының саны 80 пайызға артып отыр

3.11.2013, 18:00 209


Шығыс Қазақстанда 10 ай ішінде балалардың қатысуымен 205 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 11 бала қаза болып, 212 бала әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының баспасөз ақпаратына сүйеніп.

Балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының саны – 81,4%-ға, жарақат алғандардың саны 92,7 %-ға өсті.
Әрбір жетінші жол-көлік оқиғасы балалардың өз кінәсінен болған. Жол апаттарына көбінде 7 мен 14 жас аралығындағы оқушылар ұшырайды.

Жол сақшыларының айтуынша, ең апатты күндер –дүйсенбі, бейсенбі, ал қауіпті сағаттар - 14 мен 18 сағат аралығы.

Балалардың кінәсінен болған бақытсыз оқиғалардың негізгі себептері - тоқтап тұрған көліктің артынан шыға келу, жолды рұқсат етілмеген жерде кесіп өту болып табылады.

Балаңызға жүретін жолдың қауіпсіз жерлерін, бағдаршам орнатылған жерлерден, жаяу жүргіншілер жолынан қалай өту керектігін көрсетіңіз. Жолдағы қауіпсіздікті сақтауға үйрету қажет. Бірақ, тақпақ сынды жатталған Ережелер баланы бақытсыз жағдайдан құтқармайды. Сондықтан Жол қозғалысының ережелерін үйретумен бірге, өзіңіз де жақсы үлгі көрсете білуіңіз керек. Оқушыға бағдаршамның жасыл түсі жолдан жан-жағына қарамай өте беруге болатынын білдірмейтіндігін түсіндіру қажет. Ол тек жолдан өтуге рұқсатты білдіреді. Жаяу жүргінші өз қауіпсіздігін өзі қамтамасыз етеді. Бұл үшін жасыл жанғанда жолдан өтуді білу және оны тәжірибеде үйрену керек.

Балалар мен жасөспірімдер әрқашан үлкендерден үлгі алатынын ұмытпағандарыңыз абзал. Тәрбие берудегі жұмысыңыздың жемісі Сіздің Жол қозғалысының ережелерін қалай сақтауыңызға байланысты.
Қыс мезгілі алдында тайғақ жолдың қаупті екенін ескертіңіз. Балаға көліктің тоқтау жолы қыс мезгілінде ұзаратыны жайлы түсіндіру қажет.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив