Шығыс Қазақстанда бүгінге дейін балалардың қатысуымен 204 жол-көлік апаты тіркеліп отыр. Осы жол оқиғаларында 11 балғынның өмірі қыршынынан қиылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Бұдан басқа 211 жасөспірім әртүрлі дене жарақаттарын алып, денсаулықтарына нұқсан келтірді.
Жол сақшыларының талдаулары осы жол-көлік апаттарының 85 пайызы бақытсыз оқиға үлкендердің, яғни жүргізушілердің кінәсінен болғанын көрсетті. Әрбір жетінші жол апатына балалардың өздері кінәлі болған.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz