KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Шығыс Қазақстан республикада алғашқы болып «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген мәжілісін өткізді

21.10.2013, 18:00 97


Шығыс Қазақстан облысы республикада алғашқы болып «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген мәжілісін өткізді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

XV съезде партияның жаңа саяси Доктринасы қабылданғаны белгілі. Аталған құжат Тәуелсіздік жылдарында қалыптасып, уақыт тезінен өткен бағдарлы құндылықтарды бекіте түсуімен әрі партияның алдағы он жылдықтардағы мақсат-мүддесін нығайта түсуімен маңызды болып отыр.

Съезде партияның Жарғысына, атауына, төлтаңбасына және Саяси кеңес құрамы мен бақылау-тексеру органына қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Шығыс Қазақстан облысынан партияның Саяси кеңесі құрамына жаңадан үш мүше қабылданды. Олар: Ержан Нұрбаев, Гүлнәр Шәріпова және Игорь Шацкий. Сондай-ақ, облысымыздан республикалық бақылау-тексеру комиссиясының құрамына Арман Құрманғалиев мүше болды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев Ел Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия мүшелеріне жүктеген 7 негізгі тапсырмасын орындауға барлық күш-жігерлі жұмылдыру қажеттігін айтты.
Біріншіден, «Нұр Отан» басты патриоттық күшке айналуы тиіс. Екіншіден, партия әрқашан жал-
пыхалықтық бірліктің ұйтқысы болуы тиіс. Үшіншіден, «Нұр Отан» үнемі азаматтық қоғамның көшбасшысы болуы қажет. Төртіншіден, әлеуметтік және экономикалық инновацияның жалпыхалықтық орталығына айналу. Мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін нығайту да партия міндетінің бірі. Орта және шағын бизнес жедел дамуы қажет. Бүгінде облыстың әр үшінші тұрғыны кәсіпкерлікпен шұғылданады. Бесіншіден, жалпыхалықтық бақылау тетігі. «Нұр Отан» фракциясы «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асырылуын парламенттік және қоғамдық қадағалау мүмкіндігін кеңейте түседі. Алтыншыдан, ХХІ ғасырда жастарды қолдайтын партиялар ғана көшбасшылыққа жетпек. Жастар саясаты әлеуметтік жаңғыртудың негізгі бағыты болып табылады. Жастарды «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға кеңінен қатыстырудың ерекше тарихи маңызы бар.
Жетіншіден, «Нұр Отан» – мемлекеттің басты саяси құндылықтарын қорғаушы партия. «Нұр Отан» партиясы ішкі саяси құндылықтары берік және экономикасы гүлденген мемлекет құруда тұрақтылықты көздейді. Басты мақсат – тұрақтылықты сақтай отырып, қол жеткізген жетістіктерді әрі қарай дамыту. Аталған жетістіктер, әлемдік қауымдастықтағы ел мерейі – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың реформаларға тыныс берген бастамаларымен тығыз байланысты.

Съезд делегаты, облыстық мәслихат депутаты Олег Чернышов партия Доктринасы қоғамдық қызметті жетілдіруге көмектесетінін жеткізді.

Мәжілісте облыс әкімі Елбасының барша қазақстандықтарды ерінбей адал еңбек етуге шақырғанын атап көрсетті.
– «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген жақсы сөз бар қазақта. Он екі мүшесі сау адамға тек жұмыс істеу керек. Сонда бәрі де болады. Қазір облысымызда маман жетімсіздігі байқалады. Себебі, 40-50 мың теңгеге ешкім жұмыс істегісі келмейді. Бәрі де бірден жалақысы мол қызметке қол жеткізгісі келеді. Кез келген адамның кәсіби деңгейі, тиісінше еңбекақысы да тәжірибе жинақтаған кезде ғана өседі, – деп түйіндеді өз ойын облыс әкімі.

Жиында аймақ басшысы жаңадан сайланған ауыл әкімдерінің міндеті округ халқымен жиі кездесіп, хал-жағдайларын, толғандырған көкейкесті мәселелерін білу, оларды шешу екенін қадап айтты. Ауыл әкімі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша халық алдында есеп беріп отыруы тиіс. Олар округтің мемлекеттен қанша қаржы алып және өздері салық ретінде қанша қаржы беріп отырғанына талдау жүргізулері, оны халыққа түсіндірулері керек.
Сондай-ақ, облыс әкімі мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, еліміздің Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстарымен және көршілес Ресей, Қытай, Моңғолия елдерімен сауда-экономикалық интеграцияны өрістету, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі басқарманың жұмысын нақтылау, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін былтырғы деңгейден түсірмеу сынды бірқатар маңызды мәселелерге назар аудару қажеттігін де атап өтті.

Думан Анаш,
Ержан Әбіш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив