KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 3 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Қазақстан кеденшілері Түркиядан тауарлардың контрабандалық жолмен жеткізілуінің ірі арнасын жапты

19.10.2013, 18:00 214


Кедендік бақылау комитеті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркия Республикасынан халық тұтынатын тауарлардың контрабандалық жолмен жеткізілуінің кезекті ірі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ҚР ҚМ КБК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халық тұтынатын тауарлар Түркиядан Қазақстан Республикасы азаматының атына әкелінген және Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызмет аймағында ресімделген.

Түркия кеден органдарынан алынған экпорттық декларацияларды облыстық кедендік департементінде ресімделген импорттық декларациялармен салыстырған кезде мәлімделген кедендік құнда, атауында және ресімделген тауарлардың санында елеулі алшақтықтар анықталды.

Мамандардың қорытындысына сәйкес декларацияланбаған тауарлардың кедендік құны 21 млн. 117 мың 757 теңгені құрады, нәтижесінде мемлекетке келтірілген зиянның сомасы 7 млн. 139 мың. 648 теңгені құрады.

Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстан Республикасының кеден органдары барлығы 552 қылмыстық іс қозғап, тауарлардың сомасы 9,5 млрд. теңгені құрады.


Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив