KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Түркиядан контрабандалық тауар әкелінген

22.01.2013, 18:00 186


ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркиядан Қазақстан Республикасының аумағына құрылыс материалдарын контрабандалық жолмен әкелу фактісін әшкереледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Кедендік бақылау комитетінің жұртшылықпен және БАҚ-пен байланыс бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.


Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіне 41 860 713 теңгенің тауары (әр түрлі құрылыс заттары) жалған құжаттармен рәсімдуге ұсынылған.

Алайда Түркия кеден органдары ұсынған экспорттық декларациямен және олардың құжаттарымен салыстыру кезінде аталған тауарлар Түркия аумағынан 220 493 746 теңге сомасына экспортталғандығы анықталды.

Кеденшілер тауар иесі оның құнын 178 млн. теңгеге төмеңдетіп, мемлекетке 43,7 теңгеге шығын келтіргенін анықтады.
ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері осы факт бойынша 2013 жылғы 18 қаңтарда ҚР ҚК 214-бабының 1-бөлімі бойынша (кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғады.

Өткен жылы Қазақстан Республикасының кеден органдары 1 млрд. 270 млн. теңгеден астам сома көлемінде мемлекетке келтірілген шығынды қайтарды, 537 қылмыстық және 12 мыңнан астам әкімшілік іс қозғады. Алынған тауар мен валютаның сомасы 6 млрд. теңге көлемін құрады. Заңсыз айналымнан 420 кг астам есірткі заттары тәркіленді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив