KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 4 м/с, ОБ
443.72 482.28 4.9

Үш тілді еркін меңгергендер

17.10.2013, 18:00 194


Үш тілді – қазақ, ағылшын және орыс тілдерін жетік меңгерген полиглот жастарды анықтау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Тілдарын-2013» облыстық олимпиадасын өткізді.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген басым бағыттардың бірі - Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту. Бағдарлама жүктеп отырған міндетті жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған шараға қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген жастар қатысты. Үміткерлер облыстың аудан, қалаларында өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары.

Олимпиада ережесіне сәйкес үміткерлер үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең – қазақ тілін, екінші кезең – ағылшын тілін, үшінші кезең – орыс тілін білу деңгейін анықтау.

Олимпиаданың басты шарты – алдыңғы кезеңде жақсы нәтиже көрсеткен үміткер ғана келесі кезеңге өте алады.

Әрбір кезеңде үміткерлер олимпиаданың ережесіне сәйкес берілген тақырыптың мазмұнын ашу, эссе жазу және мәтінге ілеспе аударма жасау сияқты шарттары бойынша бақтарын сынады.

Үміткерлердің білімін бағалаған қазылар алқасы олардың тілді меңгеру деңгейіне, жазу сауаттылығына, берген жауаптарының орамдылығы мен тіл байлығына баса назар аударды.

Олимпиада қорытындысы бойынша өскемендік Динара Кузарханова бас жүлдені жеңіп алды. Ал семейлік Тоғжан Торыбаева 1-ші орынды, Ұлан ауданынан келген Еркежан Абраимова 2-ші орынды, шемонаихалық Әйгерім Нұртбаева 3-ші орынды иеленді.

Жүлдегерлер ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының арнайы дипломдарымен марапатталып, ноудбук, недбук және ұялы телефон сынды бағалы сыйлықтарға ие болды.

Бас жүлде алған үміткер 2013 жылғы қазан-қараша айларында Ақмола облысының Бурабай қаласында өтетін республикалық байқауда бағын сынайды.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив