KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

Үш тілді жетік меңгерген тәлімгер

3.10.2013, 18:00 232


Семейде үш тілді жетік меңгерген жастарды анықтайтын «Тілдарын-2013» қалалық олимпиадасының жеңімпазы анықталды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында өткізілетін бұл дәстүрлі сайысқа биылғы жылы 18 бен 30 жас аралығындағы 23 үміткер қатысыпты.

Олимпиадаға қатысушылар ереже бойынша берілген тақырыптың мазмұнын ашу, мәтінге үш тілде ілеспе аударма жасау, ұсынылған тақырып бойынша эссе жазу сындарынан өткен.

Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы мен Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің білікті тіл мамандарынан құрылған әділқазылар алқасының ұйғарымы бойынша, №20 жалпы орта білім беретін дамыта оқыту мектебінің тәлімгері Торыбекова Тоғжан облыстық олимпиадаға жолдама алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив