KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 1 м/с, С
441.41 477.78 4.84

Катонқарағайда мемлекеттік тілді жетік меңгергендер марапатталды

17.04.2018, 04:03 225

Аудандық мемлекеттік және өзге тілдерді дамыту орталығында «Мемлекеттік қызметтегі тіл шеберлері – 2018» облыстық байқау өтті. Оған қазақ тілін В1 деңгейінде меңгерген қызметкерлер қатысты.


«Шығыстың ұлы тұлғалары» атты облыстық айлық аясында ұйымдастырылған байқау үш кезеңнен тұрды. Байқаудың шарттары бойынша қатысушылар ұсынылған мәтінді қазақ тіліне аударып, синхронды түрде мемлекеттік тілден орыс тіліне аударма жасады. Сондай-ақ, әрбір қызметкер өз саласына байланысты қойылған сауалдарға жауап берді.


Байқаудың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді жетік меңгерген қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив