Рухани келісім күніне орай аймағымызда дінаралық келісімді, төзімділік пен татулықты, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға қомақты үлес қосқан бір топ азаматтар марапатталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Құрмет грамотасымен Өскемен қалалық орталық мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин, Семей қаласындағы жексенбілік собордың клирикі Михаил Протоиерей, Өскемен қаласындағы Әулие-Покров приходының клирикі Иероманах Иустин марапатталды.
Ал Алғыс хаттар Ұлан ауданының бас имамы Тимур Елеуовке, Семей қаласындағы Төлеубек қажы мешітінің имамы Ұлан Шырайбековке, облыстық «Рудный Алтай» газетінің тілшісі, әріптесіміз Насихат Өркешбаеваға және басқаларға табыс етілді.