KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 2,5 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Шваб шұжықтары енді халал болып шығарылады

10.10.2013, 18:00 185


Үржар ауданындағы «Шваб шұжықтары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімдері Алматы, Өскемен, Семей, Аягөз қалаларында сұранысқа ие болып отыр. Бүгінгі таңда серіктестік ірі көлемде несие алып, өндірісті кеңейтуге бет бұрған., деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мұнда қазір Австрия, Германия, Ресей мемлекеттерінен әкелінген заманауи құрылғылар орнатылып, еңбек өнімділігі артып отыр. Осыған орай өнімдердің ассортименті де молайып, елуден астам пісірілген, қақталған шұжық өнімдері шығарылуда.

2011-2012 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын ұлттық бизнес рейтинг орталығының сараптамасы бойынша үздіктердің қатарынан орын алды.

Республика көлемінде өткен әртүрлі көрмелерде алтын, күміс, қола медальдарды жеңіп алып, сапалы тауар өндіруші ретінде арнайы дипломдарға ие болған кәсіпорын енді халал өнімдер шығаруға да талпыныс танытып отыр.

Есімжан Нақтыбайұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив