KZ
Өскемен
+29°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОБ
471.46 504.79 5.53

Төлқұжаттың мерзімі алдағы уақытта ұзартылмайтын болды

10.10.2013, 18:00 130


ҚР азаматтарының жеке бас куәлігі мен паспорт алу тәртібінде біраз өзгерістер енгізілді. ҚР азаматының төлқұжатының мерзімі алдағы уақытта ұзартылмайтын болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемен қалалық ІІБ-нің миграциялық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Максим Пупков түсіндіргендей, ҚР азаматтарының жеке бас куәлігі мен төлқұжатын рәсімдеу мәселелеріне қатысты ҚР-ның кейбір заңнамаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты ҚР азаматының төлқұжатының мерзімі алдағы уақытта ұзартылмайтын болды. (бұрын бір жылға ұзартылғаны жайлы белгі соғылатын).

Бұдан былай 16 жасқа толмаған жеткіншектер шетелге туыстарымен, басқа да тұлғалармен ( бапкерлер, репетирорлар, оқытушылар) сенімхат арқылы шығатын болса, онда бұл азаматтарда ҚР азаматының төлқұжаты болуы міндетті.

Шенген аймағына кіретін елдерге барғысы келетіндер жаңа үлгідегі төлқұжатқа ие болулары қажет. ( бұрын берілген, мерзімі 10 жылдан асып кеткен ҚР азаматының төлқұжаты жарамайды).

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив