KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, З
487.37 532.94 5.09

Семейде балаларға ыстық тамақ беру мәселесі оңды шешілді

6.10.2013, 18:00 97


Семейдегі мектептерде балаларға ыстық тамақ беру мәселесі шешілді. Дегенмен, мектептегілерді енді электр жүйесіне түсетін артық жүктеме алаңдатып отыр., деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қалада 68 мектеп бар. Олардың басты проблемасы – ескіріп кеткен электр сымдары жүйелері. Себебі, мектептердің барлығы кеңестік кезеңде салынған. Қазіргі асханаларда электр қуатын үлкен мөлшерде жұмсайтын құрылғылар көп. Оның үстіне мектептердегі компьютерлер де электр жүйесіне біршама күш түсіреді.

Бүгінде Семей қаласында 38 мың бала сабаққа барса, оның 5 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Балаларға ыстық тамақ беру – өзекті мәселе. Сондықтан да білім беру саласы бұған аса мән беріп отыр.

– «Всеобуч» қоры жыл сайын бізге ыстық тамақ үшін қаражат бөледі. Биыл бюджет қаражатына асханаға 900 мың теңгеге жабдық алынып, мектептің шатыры 10 млн. 40 мың теңгеге жөнделді. Дегенмен, ескірген электр жүйелерін ойласақ, алаңдайтынымыз рас, – дейді мектеп директоры Альмира Мірсаитова.

Раушан Нұғманбекова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив