KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Елордада ақындар айтысы басталды

5.10.2013, 18:00 224


Елордадағы «Конгресс-холл» сарайында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Кіл жүйрікте кім жүйрік?» халықаралық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Сөз өнерінің салтанатына келетін елордалық зиялы қауым мен сөз қадіріне жетік қалың елдің алдында Балғынбек Имашев пен Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаева мен Жандарбек Бұлғақов, Айбек Қалиев пен Қанатбек Зәйтолла, Біржан Байтуов пен Мұхтар Ниязов секілді айтыскерлермен қатар Нұртас Тұрғанбек, Мұқағали Кенжетайұлы секілді жазба ақындар да өлеңдерін оқиды.

Қазылар алқасының құрамында қоғам қайраткері, публицист Алдан Смайыл, ақын Серікзат Дүйсенғазин, «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабек, ақын Серік Ақсұңқарұлы, Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Мақсат Тәж-Мұрат және белгілі жырау Алмас Алмат бар.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив