KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Қылмысты іздестіру қызметіне 95 жыл толып отыр

4.10.2013, 18:00 148


Биыл қылмысты іздестіру қызметіне 95 жыл толып отыр. Осы атаулы мерекеге орай облыстық ішкі істер департаментінде салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қылмысты іздестіру қызметінің мамандарын облыстық ІІД-нің басшысы, полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов құттықтады.
Кәсіби мерекеге орай қызметін адал атқарып келген полиция қызметкерлері басшылық тарапынан марапаттарға ие болды. 52 маман ақшалай сыйлықпен марапатталса, тағы 24 қызметкердің еңбегі департаменттің грамотасымен атап өтілді, 13 қызметкерге алғыс жарияланды.

Салтанатты жиында құқық қорғау орындарында көп жыл жемісті еңбек еткен ардагерлер ізбасарларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақжарма тілектерін айтты. Олардың арасында Таумұрат Лұқпанов, Александр Мартынов сынды полиция ардагерлері болды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив