KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, З
443.35 475.54 4.82

Жас полиция қызметкерлерлеріне алғашқы офицерлік погондар берілді Шығыс Қазақстанда

17.05.2014, 18:00 129


ШҚО Ішкі істер департаментінің плацында он тоғыз қызметкер офицер атағына ие болды. Олар Департамент бастығы генерал-майор полиции Рашид Жақыповтың қолынан «лейтенант» погондарын алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Сіздер ішкі ішкі істер органдарына қызметке түстіңіздер және өздеріңізге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғай отыра Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге міндет жүктедіңіздер. Иыққа ілінген погонға, таңдаған жұмысқа әрі қабылдаған Антқа адал болыңыздар! – деді Рашид Тауфикұлы.

Сонымен қатар, іс-шараға ішкі істер органдырының ардагерлері және жас жаңа офицерлердің достары мен жақын-туыстары қатысты. ШҚО ішкі істер органдарының ардагерлері атынан жас қызметкерлерді алғашқы офицерлік погондарын алуларымен Шығыс Қазақстан облысы ІІБ-ні бұрын басқарған, қазір ҚР ІІМ құрметті ардагері Лұқпанов Таумұрат Майкенұлы құттықтады.

Жас полиция қызметкерлерлеріне алғашқы офицерлік погондар берілді Шығыс Қазақстанда- Әр полиция қызметкері үшін бірінші офицерлік шен алу ерекше күн. Осы күннен бастап оларға жүктелетін жауапкершілік те үлкен, – деп атап өтті отставкадағы полиция полковнигі Таумурат Майкенұлы.

Өскемен қаласы ІІБ Ертіс ПБ ТБ тергеушісі Меруерт Әлібекова жас қызметкерлер атынан сөз алып, адал қызмет етуге, құқықтық тәртіптің қорғаушысы болуға, Қазақстан Республикасы патриоты болуға уәде етті.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив