KZ
Өскемен
-3°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
485.04 525.98 5.04

Құрылысты аяқтауға тағы 360 миллион теңге қаржы керек

3.10.2013, 18:00 281


Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Серікбол Мусинов пен ШҚ облысы әкімінің орынбасары Ерлан Текешов Глубокое кентінде болып, жаңадан салынып жатқан аудандық аурухана құрылысының барысымен танысты , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ғимаратқа жылу желісі тартылып, пластикалық терезелер орнатылған. Қазіргі кезде мердігерлер нысанның шатырын жабу және ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Сондай-ақ, шаруашылық бөлігі мен мәйітхана да аяқталуға таяп қалған. «Элхон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы биыл қараша айында нысанның бір бөлігіндегі жұмыстарды толығымен бітіріп шықпақшы.

Құрылыс компаниясының бас директоры Ұлықбек Тұмашиновтың айтуынша, жаңа медициналық жабдықтарды әкеліп орнатып, келесі жылдың көктемінде аурухананы пайдалануға беру үшін қаржыландыру мәселесін алдын ала шешіп алу керек. Құрылысты толықтай бітіріп шығу үшін 360 млн. теңге қажет.

Министрліктің жауапты хатшысы аурухананы белгіленген уақытта ашу үшін қаржыландыру мүмкіндіктері қарастырылатынын жеткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив