KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
447.25 485.18 4.96

4400 қазақстандық қажы атанып қайтады

1.10.2013, 18:00 165


Биыл Қазақстаннан қажылыққа 4400 адам аттанады. Олардың алғашқы тобын (100 адам) жақында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы орталық мешіттен шығарып салды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған миссия мүшелері – дәрігерлер медициналық көмек көрсетсе, 30 имам қажыларға уағыз-насихат айтып, бағыт-бағдар беретін болады. Миссия жұмысына Бас мүфтидің бірінші орынбасары Серікбай қажы Ораз төрағалық етпек.

Қазір Алматыдағы Мәдина мешітінде ашылған қажыларды оқыту орталығында отандастарымыз арнайы дәрістен өтуде. Қажылық сапарында жиі кездесетін сұрақтарға Діни басқарма мамандары жауап беруде.

1993 жылдың жазында Қазақстаннан тұңғыш рет 300 адам қасиетті Мекке жеріне барып қайтқан. Сол жылдан бастап қажылыққа ниет білдірген жерлестеріміздің саны артып келеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив