KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
475.18 510.72 5.47

Кәсіпкерлерге мал басын өсіру жолдары үйретілді

28.09.2013, 18:00 141


«Қазагромаркетинг» АҚ Глубокое ауданында етті мал шаруашылығын тиімді жүргізу және мемлекет тарапынан қолдау мәселелері бойынша ауылдық округ әкімдерінің, ауыл шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған семинар ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оған аудандағы ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.
Семинар барысында мал басын арттыру, сонымен қатар, оған мониторинг жүргізу ақпараттық-талдау жүйесінің жұмысы туралы баяндамалар жасалды.

Басқосуға қатысушылар қазіргі кездегі мал шаруашылығының өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты.

Семинар соңында «Қазагромаркетинг» АҚ қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив