KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
521.57 601.01 6.65

ҰБТ: қай облыстың түлегі ең жоғары 140 балл жинады?

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

1.07.2024, 12:15 207 Айжанат Бақытқызы

Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-ның аралық қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, негізгі ҰБТ басталғалы бері 264 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 75%-ы қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде, 197 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ басталғалы шекті балды 77% талапкер жинады. Орташа балл – 69.

ҰБТ-ны өткізудің алтыншы аптасында Алматы облысының түлегі ең жоғары – 140 балды жинады. Талапкер ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша тапсырған.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы рет ҰБТ нәтижесі бойынша 140 балды Павлодар облысының түлегі 2021 жылы жинаған болатын.

Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге қолайлы жағдай жасалғанын айта кету керек. Соның арқасында өткен алты аптаның ішінде ҰБТ-ға ерекше қажеттілігі бар 620 талапкер қатысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу