KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, СБ
518.14 537.57 5.27

Зайсанда шопандар тойы өтті

1.07.2024, 10:37 186 Қызырбек Дүргінбайұлы

Көшпенді өмірдің көркінің бірі шопандар тойы болған-ды. Бұл үрдіс бүгінгі таңда да үзілмей жалғасын тауып келеді. Жуықта ғана Зайсан ауданының  «Жазық қора» жайлауында шопандар тойы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шопандар тойына Қаратал, Сарытерек ауылдық округтерінің шаруа қожалықтары қатысты.

– Бұл той қазақтың қонақжайлығын, жомарттық пен мәрттігін, береке бірлігін паш еткеніне тағы бір мәрте куә болдық. Мерекелік шарада мәдениет қызметкерлері әуелетіп ән салып, күмбірлете күй шертіп, малшы қауымға керемет көңіл-күй сыйлады, – деп жазды Зайсан ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар жайлаудағы тойда гір көтеру, арқан тарту, қой көтеру, ләңгі тебу, мойын сайыс, аударыспақ, ат жарыстары өткен. Қатысушыларға ақшалай сыйлықтар мен марапаттар табыс етілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу