KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, СБ
518.14 537.57 5.27

ШҚО-ның оңтүстік өңірінде өрт қаупі жоғары

Фото: futura-sciences.com

1.07.2024, 10:10 161 Айжанат Бақытқызы

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік өңірінде өрттің қаупі жоғары, ал Өскеменде найзағай күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Қазгидрометтің» облыстық филиалының ақпараты бойынша, 1 шілдеде түнде облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай болуы мүмкін. Сондай-ақ күндіз бұл аймақта бұршақ жауып, дауыл соғады деген болжам бар.

Облыстың шығысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жел соғады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с дейін жетеді.

Өскеменде найзағай болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

«1-6 шілде аралығында облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады»,-деп хабарлады ведомство.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу